sultankyzy

sultankyzy

sultankyzy is one of the top influencer in Kazakhstan with 3484116 audience and 0.12% engagement rate on Instagram. Check out the full profile and start to collaborate.

3.5m

AudienceAudience

0.12%

Engagement

Get in touch
list-cover
location Kazakhstan
verifyVerified account
fast-reach-outFast reach-out capability

Niche categories


Lifestyle



Portfolio

Standout projects making waves around the web

video

Махаббат туралы… Бұл жолы ұзақ сөйлестік. Әдетте видеоға сирек түсетін, тек рұқсаттарымен ғана сөйлесетін 16 және 18 жастағы ұлдарыммен достық форматта пікірлесемін. Тым жекеге бармаймын — ұялам ба, әлде “өздері біледі ғой” деп ойлаймын ба, білмеймін. Бірақ қыздарға деген құрмет, жауапкершілік, тұрақтылық жайлы жиі айтам — бұл мен үшін ең маңыздысы. Кейде екеуі ұрысып қалады. Ондайда эмоцияға берілмей, отырғызып сөйлесем, түсіндірем, кешірім сұратып татуластырам. Үлкеніне көбірек сенім артам: үйдің шаруасын, інісінің ортасын, ұсақ-түйек жөндеу, бақылау — бәрін соған тапсырам. “Әкесінің орнында сезінсін” деймін. 25-ке дейін үйленем деп отыр???? Туыстық байланысқа да мән берем: үлкендер, ата-бабасы, туыстары ұмытылмасын деп чатқа суреттері мен видеоларын жиі жіберем. Кейбірін танымайтынын байқаймын. Жақында үлкен ұлым: “Махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз” деді. Күлкілі де, жүрекке де тиетін сөз болды. Махаббат туралы жиі сөйлесеміз — бәлкім жастық әсері шығар, бірақ әңгімелері ересекше. ???? Қысқасы, менің ұлдарыммен әңгімем — достық, сенім және жауапкершілік туралы. Ал махаббат — сол әңгіменің ең жылы бөлігі.

10786
video

Алып та, батыр да АНАДАН туады♥️ Қадірлі оқырман, көрермен! Мереке қарсаңында біраздан бері ойымда жүрген, сұхбаттар легін назарларыңызға ұсынғымыз келеді. Басты месседж - ОТБАСЫ, жоғалып бара жатқан (өкінішке қарай) ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН дәріптеу… Қонақтарымызбен бірге күліп, сырласып, хат жазып, бір толқында болайық???????? Бас продюссер: @impresario.tv Демеушілерге: @balausa.jewellery @empire.qz Алғысым шексіз???????? Сұхбатқа сілтеме сториесте және биода????

1284
video

Қуаныштың көз жасы деген осы шығар… ????️ Шынайы қуаныш. Ақталған үміт. Әр нәтиже — үлкен еңбектің, сенім мен сабырдың жемісі. Бүгінде біздің қор 24 отбасына сәби сыйлады ???? Ал жалпы 43 пациентке түрлі деңгейде көмек көрсетілді — бірі ем алып жатыр, бірі нәтижесін күтуде, енді бірі сәбиін құшақтайтын сәтін санауда. Екі келіншегіміз — жүкті, тағы екі пациентіміз ХГЧ нәтижесін тағатсыздана күтуде. Қалғандарына — бұйырған күні ем мен эмбрион тасымалы жалғасады ???????? Міне, біздің бүгінгі жағдай — үмітке толы, жүрекке жылы жаңалықтармен өрілген. Әр “екі сызық” — бір ананың арманы, бір әкенің қуанышы ❤️ 29.10 күні кезекті қамқоршылық кеңестің отырысы өтеді. Бұйырса тағы 3 отбасын таңдаймыз! #махаббатпен #анаболубақыты

1611
video

Бұл заголовокты запись кезінде ойластырып қойғанбыз???? Біздің түсірілімдер барынша шынайы өтеді. Аяқ астынан Жандарбектің телефонына @istybayev_beibit-тен қоңырау келді. Әзіліміз жараса кеткені ше???? Толық нұсқасы менің YouTube парақшамда.

10198
video

Үйдегі үлкендеріңізді жіберіңіздер: келсін, қонақ болсын, көңілі көтеріліп, іштегі қазынасын бөліссін. Мүмкін, оның бір сөзі бір жанға дем болар: +7 (702) 962-55-53 мына нөмірге хабарласа аласыз. Қай платформаны ашсаң да — мотивация, даму, табыс туралы подкаст пен жобалар толып жатыр. Былайша айтқанда, жастардың бос уақыты босқа өтпейді. Ал үлкендеріміз ше? Мамам Instagram мен TikTok былай тұрсын, WhatsApp-ты да әрең қолданады. Онда да — тек “голосовое” мен “переслать” ???? Бірақ ол да қалыпты жағдай, жас емес қой. Олар туған-туыс, сыныптас деген топтарда отырып, өз ортасында мамыражай әңгімеледі. Бірақ соның өзінде, үлкендерге арналған салмақты, жылы контент тым аз. Сол үшін Дишинкам үйде отырып іші пыспасын, денсаулығы сыр бермесін деп қатты уайымдадым. Қаладағы кино, театр, кітапхананың бәріне апардық — бәрібір бір нәрсе жетіспейді. Сөйтіп, “өткенді еске алып, өз замандастарымен әңгімелесіп, ақылдарын бөлісетін орта болса ғой” дедім. Ертең ата-анамыз өмірден өтсе, “неге көбірек видео түсірмедік, неге жазып алмадық?” деп өкінгіміз келмейді ғой. Сол оймен «Мамыражай» хабарын аштым. Анам жүргізуші де, журналист те емес. Бірақ оның айтқандарын, күлкісін, естеліктерін — немерелері мен шөберелері көретіндей етіп қалдырғым келеді. Жақында менің YouTube арнамда алғашқы хабарлар жарық көрді. Әңгіме мен ақыл — сіздің қазыналарыңыздан, ал шай — менен ????

2519
video

5 жылдан кейін «ҚР Еңбек сіңірген қайраткерді» алыңыз деп бәріміз @dishinka_apa -ға мотивация беріп қояйық???? Апатайды және баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз ????????????

5511
video

Көп байқаймын, жалғызбасты аналардың көбі баласының жолында өмірін беруге дайын. Бірақ жалғыз ұлын қызғанатын аналар да бар, жоқ емес. Ондай жағдайда салмақ көбіне жігіттің өзіне түседі. Ал Сырымның бақытының сыры неде екен? Толық нұсқасы менің YouTube арнамда.

952
video

«Батыр болар балаңды, тұлғасынан танисың. Жақсы болар балаңды, жолдасынан танисың..» Авторын білмеймін, бірақ осы бір әнді Ноттингемде саясаттану мамандығы бойынша PhD қорғап жатқан Индира, Линкольн қаласындағы шіркеуді жалға алып туған күнін атап өткен Гүлнәрдың кешінде өте әдемі орындап берді ???????????? *Иә, шіркеуді кез-келген адам жеке немесе ұжымдық іс-шара үшін жалға ала алады ???? #lincoln #leeds #yorkshire #oxford

2573
video

Кез келген мәселе - айтылып шешіледі. Жан-Сырымның астарлы әзілмен көп дүниені жеткізетіні көбіне ұнайды. Әлеуметтік желідегі статистика - көрсеткіш. Айтпақшы, Жандарбек пен Сырым қазір Қазақстанның өңірлерін аралап, кеш өткізіп жүр. Үлгеріңіздер???????? Сұқбаттың толық нұсқасы менің @sultankyzy YouTube парақшамда. Үржар, Мақаншы - 21 қазан Талдықорған - 22 қазан Жаркент - 23 қазан Тараз - 24 қазан Шымкент -25 қазан Қызылорда - 26 қазан Түркістан - 27 қазан Жаңаарқа - 30 қазан Қарқаралы - 31 қазан Астана - 2 қараша

2961